Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарапайым ауыл әйелімін, әзірге құпия болсын: Меруерт Түсіпбаева сырын ақтарды

07:43, 17 желтоқсан 2024 544

Әнші, актриса, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева өміріндегі өзгерістері жайлы сыр шертті. Бұл туралы ол Massaget.kzтілшісіне сұхбат берді, деп хабарлайды Alash.kz.

Соңғы жаңалықтар және жеке бренд

Меруерт Түсіпбаева "Жұлдыз ФМ" радиосының 10 жылдық мерейтойына қонақ болып келіп, редакция тілшісіне соңғы жаңалықтарын бөлісті.

Әншінің айтуынша 2024 жыл оның шығармашылығы үшін жаңа жаңалықтар сыйлап, сәтті жобалар тарту еткен.

 

"Биыл мен үшін сондай сәтті жылдардың бірі болды. Қаншама кинотуындыларда ойнасам да осы жылы өзімді ерекше рөлде байқап көрдім. Режиссерлер маған үнемі бай әйелдің образын беретін. Осы жолы Қазақстан ұлттық арнасының "Көршінің қызы" атты жобасында косметика өнімдерін сататын қарапайым ауыл әйелін сомдадым. Өзім үшін ашқан жаңалық болды және өте қызық жобалардың бірі болды" дейді әнші. 

Жобадан кейін актрисаның ойында жаңа идея туып, өзінің жеке брендін қалыптастыру туралы жоспары қалыптасқан. 

"Осы рөлден кейін маған идея келіп, қазір сол ойға алған дүниемді жүзеге асырып жатырмын. Бұйырса менің "МТ" деген жеке брендім жарық көреді. Әйел адамдарға да, ер адамдарға да, кішкентай балаларға де керек ерекше бір дүние болайын деп тұр. Әзірге барлығы құпия" деді әнші. 

Сұлулық пен стиль құпиясы

Әншінің сахналық образы және қарапайым өмірде де киіну стилі көпті таңғалдырады. Үнемі мінсіз киініп жүретін Меруерт Түсіпбаева стилі мен сұлулығының құпиясын ашты.

"Мен атақты дизайнер Берік Исмаиловтың өнімі болдым. Ештеңе білмей ауылдан келгенімде сол кісіні кездестіріп, өз стильімді қалыптастырдым. Жақын араласып кеттік. Үнемі ақыл-кеңесін айтып "мына киім саған келеді, мынау келмейді" деп пікірін айтып отыратын. Маған үлкен тәжірибе үйретіп кетті. Әруағы разы болсын. Осындай Берік Исмаиловтай мықты дизайнердің стиль мектебінен шыққан шәкірт ретінде нашар киінуге, нашар стильде жүруіме, семіріп кетуге құқығым жоқ" деді ол.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар