Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші өмірден озды (ФОТО)

12:08, 01 қазан 2026

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбдіахметов өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ел жадында «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» сияқты кең танылған әндерді шебер орындап, халықтың ыстық ықыласына бөленген өнер иесінің қазасын жақындары әлеуметтік желіде растады.

«Құрметті жақындары, достары, әріптестері және Болат Нұқыбайұлының шығармашылығын құрметтейтіндер. Болат Әбдіахметовтің өмірден озғанын хабарлаймыз», — деп жазды әншінің туған-туыстары.

Еске сала кетейік, Болат Әбдіахметов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік музыка училищесін эстрада және джаз сыныбы бойынша тәмамдаған дарынды музыкант Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Таиланд сияқты шет елдерде де өнер көрсетіп, өз концертін берген.

Оның репертуарындағы ең танымал туынды — Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әні болатын. Бұл әнді тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия мен Еуропаның бірқатар елдеріндегі тыңдармандар сүйіп тыңдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар