Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Қазақстанның белгілі жазушысы, ақын, композитор өмірден өтті

13:11, 11 тамыз 2026

Қазақстанның белгілі жазушысы, ақын, музыкант, Қазақстан Жазушылар және Композиторлар одақтарының мүшесі, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Тілеуғазы Бейсембек 84 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп жазады Alash.kz. 

Қаралы хабарды «Астана Опера» театрының ұжымы жеткізіп, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Тілеуғазы Бейсембек өз шығармашылығында әдебиет пен музыканы тоғыстыра отырып, ғұмырын отандық мәдениеттің дамуына арнады. Алматы мемлекеттік консерваториясын тамамдап, ұзақ жылдар бойы педагогикалық және басшылық қызметтер атқарып, дарынды музыканттардың бірнеше буынын тәрбиеледі.

Ол көптеген поэзиялық, музыкалық шығармалардың, ғылыми еңбектер мен балаларға арналған туындылардың авторы. Оның «Самұрық келген таң» музыкалық ертегісі 2018 жылдан бері «Астана Опера» сахнасында табысты қойылып келеді.

Тілеуғазы Бейсембек «Қыпшақ қызы Аппақ» операсының либреттосын жазды. Операның әлемдік премьерасы 2026 жылғы мамыр айында «Астана Опера» сахнасында өтті.

Қазақ әдебиеті мен музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан талантты тұлғаның есімі мен шығармашылық мұрасы халық жадында мәңгі сақталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар