Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: «Қайрат» клубының экс-қақпашысы 74 жасқа қараған шағында өмірден озды (ФОТО)

11:49, 12 қазан 2026

Кеңестік футболшы, «Қайрат» клубының экс-қақпашысы әрі бапкер Александр Убыкин 74 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Александр Убыкин 1976–1987 жылдар аралығында «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, КСРО чемпионаттарында 257 кездесу өткізген. Мансабын аяқтағаннан кейін бапкерлікпен айналысып, Алматы клубының құрылымында қызмет атқарды.

Аталған жағдайға байланысты «Қайрат» футбол клубы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Клуб таратқан хабарламада: «Александр Сергеевич туралы жарқын естелік клубымыздың тарихында және жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі сақталады», — делінген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар