«Маска» фильмінің режиссері Чак Рассел 74 жасында өмірден өтті, деп жазды Alash.kz.
Америкалық кинорежиссер Чак Рассел 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның жұбайына сілтеме жасаған The Hollywood Reporter басылымы хабарлады.
Мәліметке сәйкес, режиссер Сан-Диего қаласындағы үйінде ес-түссіз күйде табылған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебі жарияланған жоқ.
Чак Расселдің кино саласындағы шығармашылық жолы 40 жылдан астам уақытқа созылды. Ол режиссер ретінде алғаш рет «Кошмар на улице Вязов 3: Воины сна» фильмімен танылып, кейін 1988 жылы «Капля» (The Blob) қорқынышты фильмін түсірді.
Әлемдік танымалдыққа режиссерді 1994 жылы жарық көрген «Маска» (The Mask) фильмі жеткізді. Джим Керри мен Кэмерон Диас ойнаған бұл туынды көрермен ықыласына бөленіп, визуалды эффектілері үшін «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын.
Кейін Чак Рассел «Стиратель» (Eraser) фильмінде Арнольд Шварценеггермен, ал «Патша Скорпион» (The Scorpion King) картинасында Дуэйн Джонсонмен жұмыс істеді. Оның соңғы режиссерлік жұмысы 2024 жылы жарық көрген «Ведьмина тақтасы» (Witchboard) фильмінің ремейкі болды.