Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар! Бар қазаққа танымал журналист өмірден озды

14:09, 23 тамыз 2025 184

Белгілі журналист, қазақ баспасөзінің танымал өкілі Айгүл Аханбайқызы 53 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Айгүл Аханбайқызы 1972 жылы Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Ойтоған ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепке барып, кейін Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебін бітірген.

1990-1995 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика мамандығы бойынша білім алып, студент кезінен-ақ кәсіби қызметін бастады. Алғаш еңбек жолын Алматы облыстық “Жетісу” газетінде тілші болып бастаған.

Әр жылдары “Жас Алаш”, “Қазақ әдебиеті”, “Айқын”, “Халық сөзі”, “Егемен Қазақстан” секілді республикалық басылымдарда түрлі қызмет атқарды. Бөлім редакторы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында баспасөз қызметінде еңбек етті.

Кәсіби еңбегі бағаланып, “Ақпарат саласының үздігі” атағын иеленді, “Құрмет” орденімен марапатталды.

Әріптестері соңғы жылдары оның денсаулығына байланысты сырқатпен күрескенін айтады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар