Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы өмірден озды (ФОТО)

18:04, 13 қазан 2026

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

Марқұм Мырзамбекқызы Ұлтай ананың дүниеден озғаны туралы қаралы хабар әлеуметтік желіде тарады.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, анамыздың жаназа намазы 14.10.2026 жылы Түркістан облысы, Созақ ауылында, өз шаңырағында сағат 15:00-де өтеді.  

Қаралы хабардан соң отандық өнер өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылары Сәкен Майғазиевтің отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасып жатыр. Ерке Есмахан, Қайрат Әділгерей сынды өнер иелері марқұмның топырағы торқа, жаны жәннатта болуын тілеп, көңіл айту сөздерін жолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар