Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаралы хабар: Әйгілі актер, киножұлдыз 95 жасында өмірден озды (ФОТО)

11:53, 18 ақпан 2026

Америкалық кинематографияның көрнекті өкілі, танымал актер, сценарист және режиссер Роберт Дюваль 95 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды Alash.kz.

Роберт Дюваль әлемдік кино өнерінде «Өкіл әке» (The Godfather), «Апокалипсис бүгін» (Apocalypse Now) және «Қара торғайды өлтіру» (To Kill a Mockingbird) сияқты классикалық туындылардағы рөлдерімен танылды. Оның кәсіби мансабындағы биік белестердің бірі 1984 жылы «Нәзік мейірім» (Tender Mercies) фильмінде сомдаған кантри-әншісінің рөлі. Аталған еңбегі үшін ол үздік ер адам рөлі номинациясы бойынша «Оскар» мүсіншесін иеленген болатын. Айта кетейік, актер өз шығармашылық жолында бұл беделді марапатқа жалпы саны жеті рет үміткер ретінде ұсынылған.


Актердің кәсіби мұрасы өте бай. Ол жарты ғасырдан астам уақытқа созылған еңбек жолында 130-дан астам түрлі жанрдағы киножобаларға қатысып, әлемдік мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосты.

«Оскар» сыйлығының лауреаты Вирджиния штатындағы өз үйінде қайтыс болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар