Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы адам өліміне кім кінәлі?

11:35, 23 тамыз 2024 214

Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы 4 адамның қазасынан кейін жұмыс беруші кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, сараптама ұйымының қорытындысын зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді.

"Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсер етуінің алдын алу бойынша шұғыл шараларды тиісті деңгейде қабылдамағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқауларды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтерін тиісті түрде жасамағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижесі кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Бұған дейін, 20 шілдеде Қарағандыда ферроқорытпа зауытында жалын шыққан еді. Салдарынан 8 адамның денесін күйік шалып, төрт адам қайтыс болды.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар