Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы №54 мектептің жанынан адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды деп жазды Alash.kz.
inbusiness.kz мәліметінше, оқиға 28 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Сол маңнан жергілікті тұрғынның мәйіті табылған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.