Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыкәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
2025 жылы ақпан айында Абай қаласында кәмелетке толмаған жәбірленуші А-ға (2009 ж.т.) анасы мен өгей әкесі сотталушы К-мен (1987 ж.т.) некеге тұруды ұсынған. К-ның жасын білген соң, кәмелетке толмаған қыз некеден бас тартқан, деп хабарланды.
Қарсылығына қарамастан, 2025 жылдың наурызында өгей әкесі оны К.-мен бірге Қарағанды қаласына жіберген, онда олар жалдамалы пәтерге тұрақтаған. Аталған пәтерде К. жәбірленушінің жасының кәмелетке толмағанын анық біле тұра, оны зорлаған.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, іске қатысты тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық істің өзге де материалдарымен дәлелденді.
Сот сотталушының кінәлі ден тауып, оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған мұғалім болып жұмыс істеуге немесе кәмелетке толмағандар қатысатын лауазымдарды атқаруға біржола тыйым салынды.
“Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың берген жауаптары, сараптама қорытындысы, қылмыстық іс бойынша басқа да материалдар арқылы дәлелденді. Жеңілдететін мән-жайлар жоқ”, – делінген сот хабарламасында.
Сонымен қатар, сот прокуратураға жәбірленушінің анасы мен өгей әкесінің әрекеттерін ықтимал заң бұзушылықтар бойынша тексеруді талап етіп, хат жолдады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.