Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың гектерға жетті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.
Қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, ҚР ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылуда. Табиғи өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдар 4 жауынгерлік учаскеге бөлінді.
Қарағанды өңірінде 45 мың гектер алқап қызыл жалынға оранды
20:14, 07 қазан 2024
Соңғы жаңалықтар
Үндістанның білім министрі жастардың жаппай наразылығынан кейін қызметтен кетті
20:22, 25 шілде 2026
"Қатты тоқ соққан". Көкшетаудағы көлік жуу орнында 18 жастағы жұмысшы қаза тапты
16:51, 25 шілде 2026
«Күйеуінің көзін ағызып жібере жаздаған»: Түркістан облысында сұмдық оқиға орын алды
18:39, 24 шілде 2026