«Алтыналмас АК» компаниясының мәліметінше, оқиға 23 шілде күні «Пустынное» ТБК аумағында болған, деп жазады Alash.kz
«Екінші саты ұсақтау корпусының конвейер машинисі қаза болды», - делінген мәлімдемеде.
Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр.
Компания марқұмның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін алға тартты.
«Пустынное» алтын кен орны Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында, Балқаш қаласынан шығысқа қарай 100 шақырым жерде орналасқан. Ол кешенді тау-кен металлургиялық кәсіпорны болып табылады: бұнда ашық кеніш (карьер), алтын айыру фабрикасы (ААФ) және бағалы металдар өндіретін зауыт жұмыс істейді. Жобаны «АК Алтыналмас» АҚ еншілес компаниясы — «Алтыналмас Technology» ЖШС жүзеге асыруда. Кәсіпорында руданы өндіруден бастап, ультраұсақ ұнтақтау, CIL (цианидті ерітінділермен шаймалау) және электролиз технологиялары арқылы соңғы өнім — «Доре» қорытпасын алуға дейінгі толық өңдеу циклі жолға қойылған. Сыртқы шикізат базасын толықтыру үшін жақын маңдағы «Карьерное» (3 км) және «Долинное» (12 км) кен орындары пайдаланылады.