Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қара алтын» көлеңкеде: 700 тонна металл заңсыз шекара аса жаздады

18:01, 27 маусым 2025 62

Polisia.kz дерегінше, Ішкі істер министрлігі «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде стратегиялық шикізатты шетел асыратын көлеңкелі тізбектерді әшкерелеу жалғасып жатыр, деп мәлімдейді Alash.kz.

Металл сынығының жекелеген түрлерін экспорттауға мораторий күшінде болса да, контрабандалық жолмен шекарадан шығару фактілері тыйылмай тұр. Жедел шаралардың арқасында Жетісу облысы ПД-ның Ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы мен прокуратура рұқсат құжаттары жоқ кәсіпорынның заңсыз іс-әрекетінің алдын алды.

Тергеу барысында бұл компания түсті металды қабылдап, өңдеп, жалған ілеспе құжаттармен бірнеше мәрте елден тысқары әкетуге ұмтылғаны анықталды. Кәсіпорын аумағын тінту кезінде экспортқа дайын 600 тоннадан аса қорғасын, 100 тоннадан артық алюминий құймалары әрі түрлі түсті металл сынығы тәркіленді. Сондай-ақ жасырын металл балқыту цехы мен сынамаларды алдын ала талдайтын зертхана жойылды.

Нысанда көші-қон режимін бұзып, заңсыз еңбек еткен шетел азаматтары қолға түсіп, қолданыстағы заңнамаға сай жауапкершілікке тартылуда. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр, ал қылмыстық схеманың нақты бенефициарлары анықталу үстінде. Министрлік мұндай жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар