Белгілі болғандай, 32 жастағы қақпашы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық клубтағы өнерін аяқтайды.
«Заруцкий сары-қаралар қатарына 2025 жылдың басында қосылып, чемпион болуға елеулі үлес қосты. Оның сенімді ойыны –еурокубоктың жазғы іріктеу кезеңіндегі сәтті нәтижелердің негізгі факторларының бірі болды. Шешуші сәттерде тәжірибесі мен сабырлылығы талай рет командаға көмектесті.
Жалпы қақпашы «Қайрат» сапында 24 матч өткізіп, оның 9-ында қақпасын голдан аман сақтады.
«Қайрат» ФК Александрға кәсібилігі мен команданың жетістігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына табыс тілейді», - делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.