Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қансырап жатқанда баласы тауып алған»: Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы дерек шықты

10:50, 04 қыркүйек 2026

Түркістанда тұрмыстық жанжал кезінде 54 жастағы әйел өз күйеуінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz. 

Қансырап жатқан анасын бірінші болып бөлмеден шыққан кіші ұлы тауып алған. Ол дереу жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер әйелді аман алып қала алмады – ол реанимация бөлімінде көз жұмды.

Ерлі-зайыптылардың бірге шаңырақ көтергеніне 25 жылға жуықтаған. Олар осы жылдар ішінде төрт бала тәрбиелеп өсірген. Қайғылы оқиғаға нақты не түрткі болғаны әлі белгісіз.

Куәгерлер мен жергілікті тұрғындардың сөзінше, қылмыстан кейін күйеуі өзіне де суық қару жұмсап, өз-өзіне қол салуға әрекеттенген. Ол алған жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда күйеуі құқық қорғау органдары тарапынан ұсталып, қамауға алынды. Факті бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар