Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қаңғыбас иттерге күніне 1,2 млрд, жылына 450 млрд теңге қажет" - Нұркен Шәрбиев

16:28, 21 қараша 2024 470

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Нұркен Шәрбиев қаңғыбас иттерге жылына 450 млрд теңгедей ақша керек екеннін айтты, деп жазады Alash.KZ.

Денсаулық министрлігінің мәліметінше, 2022 жылы қаңғыбас жануарлардың адамдарды қауіп алған жағдайы 22 мың болса, 2023 жылы 50 мыңдай, ал биыл динамикаға қарасақ, 50 мыңнан да асып түседі. Әкімдіктерден алған мәліметке сәйкес, осы оқиғалардың 65 пайызын қаңғыбас иттер қапқан.

Былтыр 247 мың ит ұсталды. Оларды стилизациялау және вакцинациялау үшін жалпы сомасы 16 млрд теңге қажет. Бұл тек бір жылға. Ал егер оларды табиғи өліміне дейін күтіп ұстайтын болсақ, онда бір жылда ұсталған осы иттерге күніне 1,2 млрд теңге, ал жылына 450 млрд теңге қажет болады. Ал бір итті күтіп ұстауға күніне орта есеппен 5000 теңгеден кетеді, - дейді Нұркен Шәрбиев.

Бұл 5000 теңгенің ішіне стилизациялау және вакцинациялау, күтіп ұстау, тіркеу кіреді, деп жазды qamshy.media. Сондай-ақ Мәжілістің Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасы бойынша дөңгелек үстел өткізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар