Қазақстандықтар Ақтауда ұшақ апатынан қаза болған Сәлима Жұтаеваны еске алып, қимайтынын білдірді. Желі жұртшылығының көпшілігі марқұмның еңбеккерлігін, сұлулығын, адами ажарлы келбетін сөз етті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ұшақ апатында қаза тапқан 29 жастағы Сәлима Жұтаеваға қатысты әлеуметтік желіде видео тарады. Желі қолданушылары қыршын кеткен ару жайлы жақсы сөз айтып, ажарлы, көрікті қыз болғанын жазып, жақындарына көңіл білдірді.
Көпшіліктің көңілін босатқан видеода Сәлима Жұтаеваның саяхаттағанды жақсы көргендігі және оны әлеуметтік желіде бөліскенді ұнатқаны жайлы жазылған.