Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қандай қысым көрсетті? Аяғы шалынған жерден теріп аласыңдар» - Бекболат Тілеухан ерекше сұхбат берді

12:09, 06 тамыз 2026
Белгілі өнер иесі Бекболат Тілеухан журналист Аман Тасығанның YouTube-арнасына сұхбат беріп, ғаламтор кеңістігінде жарияланған эксклюзивті үзіндіде ол өткен кезеңдерде өзіне жасалған түрлі шектеулер мен қудалаулар туралы ашық баяндады, деп жазады Alash.KZ
 
Сұхбат алушы Аман Тасыған: 
 
«Қандай қысымдар көрсетті?» – деген сауалына жауап берген Бекболат Тілеухан өзінің діни ұстанымдары мен қоғамдық мінберлерде айтқан ой-пікірлері үшін қысымға тап болғанын жасырмады.
 
«Көрдің ғой. Сол қысым ғой әлі келе жатқан… Сен де маған қысым көрсетіп отырсың. Қандай қысым болды? Намазыма тиісті, сөйлеген сөздеріме де… Қай жерде көп сөйлегенімде тиісті», – деп, бұрынғы уақыттарда кездескен кедергілер мен сындарды еске алды.
 
Мұнымен қоса, әнші бағдарлама авторы Аман Тасығанның сұрақ қою мәнеріне де назар аударып, қалжың араластыра отырып ренішін білдіреді:
 
«Сен өте күшті тәсіл алғансың. Негізі осы тәсілің дұрыс. Адамды шақырып аласың да, көп сөйлете бересің. Көп сөйлеген соң, міндетті түрде сөзден сүрінесің, сосын аяғы шалынған жерден теріп аласыңдар. Бәрін жібермейсің ғой», – деп журналистің кәсіби айла-тәсілдерін сипаттап береді.
 
Өз кезегінде журналист Аман Тасыған бұл уәжге бірден жауап қатып, бейнежазбаның ешқандай қиюсыз (монтажсыз), қалай таспаланса, көрерменге дәл солай жететініне кепілдік берді.
 
Ол: «Жоқ, қалай бар, солай жіберемін. Уайымдамаңыз», – деп қонағын сендірді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар