Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қан сорғалап жатты: Тапа-тал түсте Алматы көшесінде сұмдық жағдай болды

19:16, 06 сәуір 2025 3871

Алматы қаласының Медеу ауданында қан жоғалту салдарынан өміріне қауіп төнген ер адамды Ұлттық ұлан әскери қызметшілері құтқарып қалды, деп хабарлайды Alash.kz ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға күндізгі уақытта болған.

“Патрульдік гвардия қызметкерлері Пушкин көшесінде қанды күйдегі ер адамды байқаған. Ер адам белгісіз біреулердің пышақ сұғуынан сан тұсынан ауыр жарақат алып, қатты қан кетіп жатқан. Әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, қан кетуді тоқтатып, жарасын таңып, жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында ер адамның өмірі аман қалды”, – делінген хабарламада.

Сол күні патрульдік топ есірткі тарату әрекетінің алдын алды.

Күдік тудырған бірнеше жас жігіт тексеріс кезінде ұсталып, олардан есірткі және оны тұтынуға арналған қолдан жасалған құрал табылған.

Күдіктілер полицияға тапсырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар