Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қан көрпеден де өтіп кеткен: Анасы мен қызын жауыздықпен өлтірген мұғалімге сұмдық жаза тағайындалды - РУСЛАН ӨТЕПБАЙ

15:32, 06 желтоқсан 2024 1505

Мектеп мұғалімі өз оқушысы мен оның анасын жауыздықпен өлтірген қылмыскерге жаза тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай Instagram желісінде жазды.

«Естеріңізде болса, 11 қыркүйек түні 47 жастағы әйел мен оның 15 жасар қызы аса қатігездікпен азаптап өлтірілген болатын. Күдікке сол ауылдың 29 жастағы экс-мұғалімі іліккен. Туған бауыры мен анасынан айырылған апалы-сіңлі «Көремізден» араша сұрады.

Көреміз тілшілері қанды қылмыс орын алған жерге барып, куәгерлерден сұхбат алып, журналисттік зертеу жүргізді. Бағдарлама соңында қайғыдан қан жұтқан отбасыға заңгерлік көмек көрсетіп, бұл істі Жандос Палмановқа табыстадық.

Қылмыстық іс үш ай тергелді. «Көреміз» бен Жандос Палмановтың қорғауындағы қос бауыр әділдікке жетті. Себебі экс-мұғалім өмір бақиға бас бостандығынан айырылып, 50 миллион моральдық шығын өтеуі тиіс. Сот үкімі әлі күшіне енбеді. 
Көреміз жабылса да,арқалаған жүкті соңына дейін өтеу- азаматтық борыш деп білеміз. Өте абай болыңыздар», — деп жазды ол.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар