Щучинск қаласы тұрғынының психикалық дерті бар баланы аяусыз соққыға жыққаны хабарланды, деп жазды Alash.KZ порталы.
Ол 2022 жылдың наурызында 2014 жылы туған, психикалық дерті бар баланы патрионаттық тәрбиеге алған.
2024 жылдың қазан айында баланың аяғын темірмен ұрып, денесіне зақым келтірген.
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, баланың денесінде сызат, тыртық түріндегі дене жарақаттары анықталды.
Қылмыстық істі қараған Бурабай аудандық соты сотталушыны 2 жылға педагогикалық лауазымдарды атқару немесе кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды. Сондай-ақ 80 АЕК (295 360 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.