Қазіргі таңда балалардың дамуының тежелуі, дұрыс сөйлемеуі сынды мәселелер қоғамда белең алып жатыр. Осы орайда Alash.kz тілшісі тіл маманы,Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу маманы ДИНАРА БЕКТАЙҚЫЗЫМЕН сұхбат құрды.
Бұл сұхбатта жаңа туылған бала мен ананың қарым-қатынасы нан бастап, баланың 5 жасқа дейінгі қалыпты даму жолдары рет-ретімен баяндалатын болады.
-Қазір қоғамда декреттегі аналардың рөлі мен орны төмендеп кеткендей. Декретте отырғанда көп ана депрессияға бейім, алайда олар әлемдегі ең қиын әрі ұлы іс - бала тәрбиелеумен айналысады. Неге біздің қоғам декретті депрессиямен байланыстырады?
Декретте отыру/баламен сапалы уақытты төмен санау, елемеу қазір ғана емес Кеңестік дәуірде белең алған. “Гендік жад” деген бар, ол адамның өмір сапасына ғасырлар бойы әсер етеді, бейсаналы.
Ол кезде қалай болды: бала туылды балабақшасы➡️мектебі➡️университеті➡️мамандығы бойынша жұмыс орны➡️зейнет жасы.
Яғни, адам үкімет үшін өндіріс құралы болып есептелді. Осылайша, отбасылық құндылық үкіметтің жауапкершілігіне өткен болатын. Қазір, заман талабы мен бала дамуы басқа болса да, сол гендік жадпен ата-аналар, өкінішке орай, жауапуершілікті өзгеге артуға дайын тұрады.
Ал, жауапкершілікті өзіне алу үшін, “бала дамуы туралы заңдылықты” білу керек, білмегендіктен де ол декреттің құны мен сапасы жоқ деп ойлаймын.
Декретте отыру да қаржыны қажет етеді, отбасы мүшелері жүктілікті жоспарлай алса, баламен қаншалықты отырады және қалай отырады, әр жасында қандай дүниелерді алу керек, қаржылай қамтамасыз ету жолын қарастырып қойған дұрыс деп есептеймін.
Өмір болған соң әр түрлі жағдай болады, қаржылай немесе ажырасу деген сияқты, сонда да тым болмаса алғашқы 2 жасын жоспарлы, түске дейінгі уақытын өнімді ұйымдастыра білу керек. Себебі, бұл жас өте маңызды және қайта оралмайды.
Баланың - заты бала, ол бізден саналы өз құқығын талап ете алмайтын тұлға. Бірақ, тұлғаға жауапты ата-анасы, декрет - алтын уақыт.
-Ана баланың қасында қанша уақыт декретте отыруы керек?және неше жастан балабақшаға берген жөн?
Баланың алғашқы 3 жылы “Алтын уақыт” немесе “3 жастан кейін кеш”.
Себебі, баланың миы 3 жасқа дейін өте жылдам және терең өседі. 3 жасқа дейін бала толық тұлғалық дамып болады, яғни, өмірлік тәжірибенің алғашқы баспалдағы осы жаста қалыптасады, ары қарай осы тәжірибесі арқылы қоғаммен байланыс жасайды. 3 жасқа дейін баланың сенситивті даму процесстері қалыптасып болады: омыраудан шығару, горшокқа үйрену, тіл дамуы.
Сенситивті даму - ол бала миының белгілі бөліктерінің қалыптасуы арқылы табиғи дамуы керек даму процесстері. Ал, бұл үрдіс 3 жасқа дейін үйде, анасының жанында қалыптасуы керек. Содан кейін ғана балабақшаға беру оң шешім.
Себебі:
- 3 жасқа дейін ана мен баланың ДНҚсы бір болады, бала 100% анасынан сепарация болмайды, жоғарыдағы сенситивті процессті жасына сай, заңдылықпен үйретсе, бала стрессіз үйренеді
- - 3 жасқа дейін бала орта, коммуникацияға тәуелді болмайды, ол тәуелділік 3 жастан кейін пайда болады
- 3 жаста бала өз шекарасын, өз ойын және сөзге түсіну мен түйсінуі толық дамиды
- Балабақша баланы тұлғалық дамыту ортасы, тәрбиеші - топпен жұмыс жасауды, топпен коммуникация құруды, рухани құндылықтарды қалыптастырады. Горшокқа үйрету, мүлдем сөйлемейтін балаға алғаш дыбыстауды үйретуші немесе омыраудан шығарып беруші маман емес. Ол - педагог
-Қазіргі таңда түрлі диагнозы көп балалар қоғамда жиі кездеседі. Кейбір ата-аналар бұған коронавирусты кінәлап жатады. Бұл қаншалықты шындыққа сай келеді? Баланың жасына сай даму жолын 5 критерийін айта аласыз ба?
-Түрлі диагнозға ауа райындағы бұзылыстар мен ата-ананың денсаулығы да әсер етеді. Аутизм сияқты диагноздар бұл ұрықтың бөлінуі кезінде пайда болып қояды.
Бірақ, гипоксия, жүктілікте анемия болған ана туыла салып баланы өте жіті қадағалау керек. Себебі, 1 жасқа дейін ауру белгілері көбіне білінбейді. Баланың айналасына қарауы, еліктеуіне қарап жақсы дамып жатыр деп ойлайды.
Сондықтан, бірінші кезекте, баладағы ТЕМІР жетіспеуі мен миға ОТТЕГі жетіспеуді қатаң қадағалау керек.
Әр екі ай сайын анализ тапсырып, невропотологтың бақылауында болу керек.
Бірақ, жүре пайда болатын диагноздар бар. 6 айына дейін, тіпті, 1 жасына дейін бала жақсы дамып, одан кейін сөйлемей жатады. Бұл - баладағы күн тәртібін сапалы өткізбеуден, балаға ережесіз, күні бойы гаджет ұсына бергеннен.
Ал, баланың жасына сай тіл дамуы төмендегідей:
Әр балада даму қарқыны әртүрлі болғанымен, ортақ норма бар:
⠀
1 жасқа дейін
• 2–3 ай: Бала дыбыстар шығара бастайды (гулдеу, былдырлау).
• 4–6 ай: Буындарды қайталайды (мысалы, “ба-ба”, “ма-ма”).
• 9–12 ай: Бірнеше қарапайым сөздерді түсініп, алғашқы сөздерді айта бастайды (“ана”, “ата”, “бер”).
⠀
1–2 жас
• 12–18 ай: Бала 10–20 сөз айтуы мүмкін.
• 18–24 ай: Сөздік қоры 50–200 сөзге дейін өседі. Екі сөзден құралған қарапайым сөйлемдер құра бастайды (“Мама бер”, “Бала ұйықтады”).
⠀
2–3 жас
• Сөздік қоры қарқынды дамиды (200–1000 сөзге дейін).
• Үш және одан да көп сөзден тұратын сөйлемдер құра бастайды.
• Қарапайым сұрақтар қойып, әңгімелесе алады.
⠀
3–4 жас
• Бала басқа адамдармен еркін сөйлесіп, ойын, оқиғаларды баяндай алады.
• Сөйлеуі 70–80% түсінікті болуы керек.
⠀
5 жас және одан әрі
• Баланың сөйлеуі толық қалыптасып, грамматикалық жағынан дұрыс бола бастайды.
⠀
❗️Егер бала кеш сөйлей бастаса
⠀
12 айда бірде-бір сөз айтпаса,
2 жаста 20-дан аз сөз қолданса немесе сөйлемдер құра алмаса,
3 жаста айналасындағы адамдарға түсініксіз сөйлесе,
⠀
онда бұл кешігу белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда невропотолог немесе педиатрға қаралу маңызды.
⠀
-Баладағы дамудың кешігуінің алғашқы белгілері қандай болады? Оны ана үй жағдайында қалай байқай алады?
-Баладағы даму ауытқуларының алғашқы белгілерін ерте анықтау өте маңызды, себебі уақытында қолға алынған көмек баланың дамуына оң әсер етеді. Негізгі белгілерді бөлісейін:
⠀
6 айдан кейін:
- Күлімсіреу немесе дыбыстар шығару сирек кездеседі.
- Ата-ананың дауысын немесе жақын адамдарды танымайды.
- 12 айға дейін:
• «Ма-ма», «ба-ба» сияқты сөздер айтпайды.
• Қарапайым нұсқауларды түсінбеу (мысалы, «қолыңды бер»)
Әлеуметтік қарым-қатынаста
- Көзге тіке қарамау, ата-анамен немесе жақындармен қарым-қатынас орнатпау.
Қозғалыс және моторика
- • 3-4 ай: Басын ұстай алмау
• 6 ай: Айналу, еңбектеу секілді негізгі қозғалыстарды жасамау.
• 12 ай:
• Еңбектемеу немесе өзі отыра алмау.
• Тепе-теңдікті сақтай алмау.
-Баланың өз жасына сай тіл дамуын ата-ана өзі мамандардың көмегінсіз үйде дамыта ала ма? Диагнозы бар баланың анасы нені білуі керек?
-Қазіргі таңда көп ата-аналар бала тілінің дамуына соңғы көмектесетін маман: логопед немесе дефектолог деп ойлайды.
Негізі, ол мамандар кейбір бұзылыстардың орнын толықтырушы. Логопедке дейінгі алғашқы дамыту жұмыстарын ҮЙДЕ, балаға қолайлы ортада ұйымдастыра білсе, балада ДАМУ анық және сапалы болады.
Мен өз кезегімде, диагнозды қолдан жасап алмауға шақырамын, цифрлы қоғамда бала уақытын басқармасақ, баланың уақытын гаджет басқарып жатыр.
Гаджет басқарғанда, балада дамуы кері кетеді. Егер, мен өз блогымда үнемі бөлісетін күн тәртібін әр ата-ана өмір салтына қоса алса, “СӨЙЛЕМЕЙ қалады ма” деген қорқыныштан арылады және жұмысының нәтижесі қайда алып баратынын біледі. Монтессори айтқандай, баланы ТАНУ өте маңызды.
-Сұхбаттасқаныңызға рақмет!