Белгілі актриса Әлия Әнуарбек қуанышты жаңалығын жария етті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Жеке өмірімде қарым-қатынас құрғаным рас. «Бақыт құшағында» фильмінде сырға салу, құда түсу деген дәстүрлерді көрсеттік. Сол жеке өмірімде де болды. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Қазір енді қалыңдықпын. Арқа сүйейтін азаматты жолықтырдым. Ұсыныс жасалды», – деді актриса «Momskий» подкастында берген сұхбатында.