Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қалаған есімді қоя аламын!". Баян Мақсатқызы қазақ дәстүрін сынап, ана-аналарға кеңес айтты

09:48, 14 тамыз 2024 1733

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызыны 50 жасында үшінші рет ана атанды.Ана бақытына бөленген продюсер не себепті ерекше есім бергенін айтып, тың дерек бөлісті, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Өнер иесі қызының атын қойғанда ешкіммен ақылдаспағанын жасырмады. Айтуынша, бала күнгі арманы орындалған. 

“3-4-сынып оқып жүргенде “Алиса ғажайыптар елінде” деген мультфильм көрдім. Қатты әсерге бөленіп, кітабын да оқып шықтым. Егер қызым болса, атын Алиса деп қоямын деген өзіме уәде беремін. Бірақ ол арманым менің биыл ғана орындалды”, – деп бастады әңгімесін продюсер. 

Сонымен қатар Баян Мақсатқызы ата-ананың әр баласының атын өзі қоюы керек екенін қадап айтып, қалаған есімін қоя алатынын хабарлады.

“Бірінші қызым Айсәуле дүниеге келгенде ата-анамыз қоюы керек болды. Қазақ емеспіз бе, үлкендерге жол бердік. Бірақ мен осы дәстүрді түсінбеймін. Ол сенің балаң болғандықтан, қандай есім беретінін сен шешу керексің. Бірақ бізде олай емес, сондықтан бірінші баланың есімі талқыланған жоқ. Одан кейін Айару дүниеге келгенде де оның атын Алиса деп қойғым келіп еді, бірақ мені ешкім қолдамады. Маған бәрі "немене, қазақтың аты емес, қайдағы Алиса" деді. Сондықтан ата-анамыздың сөзіне құлақ астым, себебі олар оған қызғанышпен қарады. Қазірдің өзінде анама бұл есім ұнамайды. Бүгінде мен 50 жастағы әйелмін. Қалаған есімді қоя аламын. Баламның атын қоюыма толық құқығым бар. Бірақ бұл жасқа қарамауы керек”, – деді жас ана. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар