Атыраулық «Батыстың әжесі» - Хадиша Аймұхамбетова TikTok-та стримге шығып, 1 жылда 10 миллион теңге тапқан, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Хабар арнасының журналистеріне берген сұхбатында айтты.
- Қарашаның төртінде TikTok-қа кіргеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-қа шығасың ба?» деді. Ойбай, шығайын, маған да ермек керек дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ. TikTok-ты шайқап жатырмын. Мені «әжеге болсын» деп қазақтар қолдайды. Үлкен кісі деп сыйлайды, - дейді әже қуанып.
TikTok-та «Батыстың әжесіне» 87 000 адам жазылған.
Желі қолданушылары «Алла сізге күш-қуат берсін!», «Аман-сау жүріңіз!» деп әжені қолдап жатыр.