Қазақстан қалаларының әлеуметтiк келбетi мен рухани тазалығы туралы аз айтылып жүрген жоқ. Осыған сай қала мәдениетiн қалыптастыру жолында кешендi шаралар да жүзеге асырылуда. Қаланың тазалығы – ол тұрғындардың рухани тазалығына байланысты екендiгiн жыл сайынғы қала әкімдерінің халықпен кездесулерiнде атап көрсетіліп жүр. Бұл – еліміз қалаларының бәріне ортақ тақырып.
Осы орайда Алматы қаласы соңғы жылдары бұл мәселеге ерекше көңіл аударып келеді.
Жалпы, игiлiктi iстер, жақсы өнегелер қазiрден бастап бастау алғаны абзал. Осыған орай, қаланың барлық аумағында тұрақты түрде сенбiлiктер өткiзiп тұруды дәстүрге айналдырған жөн. Биыл жалпықалалық сенбілікке қала жастары мен мекеме қызметкерлері бас қоса отырып, қаламызды қоқыстан тазартты. Бұл ерекше бастама. Қоғам белсенділерінің бастамасына атқарушы билік те үн қосып, үлгі-өнеге көрсетті. Алматы қаласындағы игiлiктi iстер елiмiздiң барлық қалаларына үлгi болды. Қала белсенділерінің бастамасы барлық жағынан өзге аймақтарға да ықпалын тигiздi. Бүгінде қаламыздың тазалығы күн сайын атқарушы органдардың ең бiрiншi мiндетi саналып отыр.
Бүгiнгi қаланың сан қырлы мәдениетiн айтсақ, шешiмiн күтiп тұрған iс көп. Ең бастысы, бұл өзiмiз тұратын, еңбек ететiн, өзгелерге мақтаныш ететiн қаламыздың мәдениетi. Қаламызды сырттан өзге бiреулер келiп ластамайды. Қаланы күл-қоқыстардың мекенiне айналдырып жатқан өзiмiз. Тазаланған, кеше ғана қоқыстан арылған жердi бiлдiрмей, таза ұстау мәдениетiн игере алмай жатқан да өзiмiз. Бүгінде қалалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақылды технологияларды енгізу мен заманауи урбанизация жағдайында ккөлік жүйесін басқару технологиясын жетілдіру жедел қарқынмен жүргізілуде. Бұл – қала өміріндегі басты қажеттілік. Осы жылы маусым айында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы пайдалануға беріледі. Ұзындығы 66 шақырымды құрайтын үш жолақты І-А санатты бұл жол ТМД мемлекеттері ішінде бірегей жол болып отыр. Ол алғашқы болып Алматы қаласында жүзеге асырылып отыр.