Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қайсар Қамзадан кейін…»: Онлайн казино ісімен тағы бір блогерге іздеу жарияланды (ФОТО)

11:22, 07 тамыз 2026

Pin Up онлайн-казиносының ісіне қатысты күдікке ілінген тағы бір танымал блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп хабарлайды Alash.kz.

Құқық қорғау органдары іздеу салып отырған азамат – 26 жастағы Махмуд Хикматов. Оған бұл шараның қолданылғанына үш айдан астам уақыт өткен.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, блогер ел аумағында тыйым салынған онлайн-казино платформасына ойыншыларды белсенді түрде тартқан. Сонымен қатар бұл ойын түрі танымал тұлғалардың қатысуымен кеңінен жарнамаланған көрінеді. Ал блогерлермен байланыс орнатып, оларды жұмысқа тартылуына Хикматовтың көмектескені айтылады. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде өз растауын тапқан жоқ. Себебі блогердің өзі Қазақстан аумағынан шығып кеткен.

Еске салайық, осы шулы іс бойынша кеше ғана тағы бір фигурант блогер Қайсар Қамза Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланған болатын. Елге жеткізілген ол бірден Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар