Блогер Қайсар Қамза Вьетнам әуежайында көзге түсті, деп хабарлайды ALASH.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Желіде оның фотосы тарады. Суреттен блогердің қолында кісен барын көруге болады.
Бұған дейін Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланған еді. Ал биыл сәуірде ол Вьетнамда Интерполдың сұрауы бойынша ұсталған.
Блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдік ілінген. Ол онлайн-казиноларды жүйелі түрде жарнамалап, пайдаланушыларды құмар ойындарға тартқан. Осылайша заңсыз жолмен 100 миллион теңге табыс тапқан.