Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қайрат Сатыбалды президентке айтты да, мені депутаттыққа өткізді". Бекболат Тілеухан Қайрат Сатыбалды туралы өз шындығын айтты

12:11, 08 тамыз 2026

Бекболат Тілеухан Қайрат Сатыбалдының өзіне жасаған қолдауы туралы айтты, деп жазды Alash.kz.

Белгілі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында дін қайраткері Бекболат Тілеухан Қайрат Сатыбалдының өзіне көрсеткен қолдауы туралы айтты. 

Бекболат Тілеуханның айтуынша, Қайрат Сатыбалды оған кезінде елеулі қолдау көрсеткен. Тіпті Назарбаевқа айтып, өзінің депутат болуына ықпал еткенін мәлімдеді.

«Әуелі Құдай, сосын Қайрат Сатыбалдының арқасында, ол президентке айтты да, мені депутаттыққа өткізді. Қайраттан көрген жақсылығым айтуға келмейді. Қайрат маған үй салатын жер берді. Қайрат маған көлік мінгізді. Мен кәсіпкер емеспін. Кәсіп жасау қолымнан келмейді. Қайраттың арқасында ұлттық спорт дамыды. Қайраттың арқасында қандастарға көмектестім. Қайрат қаншама мешіт, медреселердің салынуына мұрындық болды. Осының басы-қасында аға болып, ақылшы болып жүрдім. Қазір басына осындай күн туды екен деп оны жамандатқысы келетіндер бар. Мен оны қалай жамандаймын? Кеше дастарханынан дәм таттым, менің дастарханымнан дәм татты. «Қайреке, Қайреке» деп күттік. Енді қазір бетін бес гектар болып экранның бер жағында отырып алып, оны жамандап отырсақ, ел-жұрттан бұрын қатын-баладан ұят қой», – деді Бекболат Тілеухан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар