Ticketon компаниясы "Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттерін сату кезіндегі жанкүйерлердің шағымдарына жауап берді. Айтуларынша, бұл матчқа сұраныс өте жоғары болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Компанияның коммуникациялар директоры Азамат Атагелді миллиондаған жанкүйердің Алматының Орталық стадионында өтетін айтулы матчқа билет алғысы келгенін жеткізді.
"Деректерге келсек: сатылымның шарықтау сәтінде платформада бір мезетте 1 миллионнан астам қолданушы болды. Ал стадионның сыйымдылығы – небәрі 20 мың орын. Бәріне орынның жетпейтіні анық.
Әділетті өткізу үшін бар күшімізді салдық. Билет сату барысындаәр ЖСН-ға бір ғана билет, бір қолға екіден артық емес деген шектеу қойылды. Бұл шектеу нағыз шынайы жанкүйерді қорғау мақсатында енгізілген еді. Алыпсатарларға жол берілмеді.
Жанкүйерлер тарапынан "кезек қатып қалды" немесе "жүйе қайта жүктелді" деген реніштерін түсінеміз. Мұны да түсіндіре кетейік: сатылым сағат 17:00-де қатаң тәртіппен басталды. Жүйе қалыпты жұмыс істеді. Ал ертерек кірген қолданушылардың сессиясы автоматты түрде жаңарып отырды. Бұл ретсіз ажиотаждың алдын алу үшін енгізілген техникалық шара. Билеттердің сатылымы жөнінде ақпарат біздің және "Қайраттың" футбол клубының ресми арналарында алдын ала жарияланған", – деді Азамат Атагелді.