Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Нұртастың досы Жұлдыз Әбдікәрімованың құпиясын ашып қойды

11:43, 24 тамыз 2025 483

Кәсіпкер әрі әнші Қайрат Нұртастың жақын досы Қанат Көпбаев Instagram парақшасында өнер иесінің бесінші сәбиіне қатысты күтпеген мәліметті бөлісті, деп жазады Alash.kz.

Белгілі болғандай, Қайраттың жары Жұлдыз Әбдікәрімова дүниеге келген баласының жынысын көпшілікке жария етпей, құпия сақтап келген еді.

Алайда Көпбаев өз жазбасында бұл сырды ашып қойды:

"Қайрошты бүкіл отбасыммен сүйіп тыңдаймыз. Үлкені де, кішісі де. Қызыңның бауы берік болсын", – деп жазды ол.

Желі қолданушылары "Әйтеуір, біреуі айтты-ау, енді білетін боламыз" деп пікір жазып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар