Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңындағы соңғы кездесуін өткізді. Бельгиялық «Брюггені» қабылдаған отандық ұжым тартысты ойында 1:4 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Alash.kz.
Ойынның басында алматылық футболшылар белсенділік танытып, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл жасағанымен, мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Керісінше, қонақтар сапынан «Интер» академиясының тәрбиеленушісі Станкович 32-минутта есеп ашса, араға алты минут салып Ванакен басымдықты еселей түсті.
Кездесудің екінші бөлігінде де бельгиялықтар басымдығын сақтап, 74-минутта үшінші голын соқты. Алматылық жанкүйерлер үшін жалғыз қуанышты сәт ойынның соңына таман орнады. Қосымша уақытта Әділет Сәдібеков мергендігімен көзге түсіп, командасының жалғыз голын авторлығына жазды. Дегенмен бұл «Қайратты» ірі есептегі жеңілістен құтқара алмады.
28-қаңтарда Алматылық клуб Чемпиондар лигасындағы соңғы кездесуін өткізеді. Ойын Лондон қаласында әлемге әйгілі «Арсенал» клубымен болмақ.