Қаржы премьер-лига командасының және клубтың бүкіл құрылымының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы клуб штатында 103 қызметкер бар, деп жазады Alash.KZ.
Олар:
Премьер-лига командасы: 5 жаттықтырушы және 21 футболшы;
"Қайрат Жастар": 5 жаттықтырушы және 31 футболшы;
"Қайрат" академиясы: 41 жаттықтырушы және 800-ден астам шәкірт.
Қосымша бюджеттен 90 миллион теңге футзалды дамытуға, жаттығу процесіне және спортшылардың жарыстарға қатысуына бөлінеді.
УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысудың өзі клубқа шамамен 20,2 миллион еуро (12,0 миллиард теңге) көлемінде төлем әкелді. Еурокубок маусымында алматылық клуб бірде-бір жеңіске жете алмады. Енді жарысты Лондонның "Арсенал" клубына қарсы матчпен аяқтайды.