Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Танымал әншінің күйеуі өз үйінде өлі табылды (ФОТО)

09:16, 17 желтоқсан 2024 4776

Әнші Анна Седокованың бұрынғы күйеуі, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеу орталығында өлі күйінде табылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, спортшы әншінің туған күнінен кейінгі күні өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Alash.kz.

SHOT мәліметінше, 32 жастағы баскетболшының денесі астананың орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінен табылған.

Жанында телефоны жатқан, ал телефонның экран бетінде Анна Седокованың нөмірі мен оған қоңырау шалуды өтінген жазу болған.

Анна Седокова мен Янис Тимма шамамен бес жыл бірге өмір сүрді, бірақ жақында ажырасып кеткен болатын.

Баскетболшы бұл айырылуды ауыр қабылдаған. Анна Седокованың өзі “ұзаққа созылған, бақытты, бірақ өте күрделі қарым-қатынастан шыққанын” жазған еді.

Әлеуметтік желіде спортшының тыйым салынған Instagram желісіндегі соңғы сторис видеосы тарады.

Бейнежазбада Янис Тимма Анна Седокованы туған күнімен құттықтаған.

Янис Тимма – Анна Седоковамен ажырасқаннан кейін өмірден өткен екінші күйеуі. 

Бірінші күйеуі – “Динамо” Киев футбол клубының бұрынғы капитаны Валентин Белькевич.

Футболшы Анна Седоковамен екі жыл өмір сүргеннен кейін ажырасып, бұрынғы жарына оралған. 2014 жылы ол тромбоэмболиядан көз жұмған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар