Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Тағы бір 16 жастағы бала аяусыз ұрып соғудан қаза тапты

10:48, 08 қазан 2024 538

Тағы да бір жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ауезов аудандық полиция басқармасы кәмелетке толмаған жасөспірімге қасақана ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

«Жан-жақты және объективті тергеу жүргізу үшін қажетті іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деп түсіндірді ПД.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Абай облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында екені нақтыланды.

Әлеуметтік желілердегі мәліметтерге сәйкес, төбелес екі түрлі колледж студенттерінің арасында болған. Қайтыс болған жасөспірім 16 жаста болған. Оны 17 жастағы бірінші курс студенті өлімше етіп сабаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар