Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Қарағандыда 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

13:48, 15 маусым 2025 411

Қарағандыда жасөспірім суға батып кетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Halyqstan телеграм-арнасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 маусым күні кешке Таймырская көшесінің арғы жағындағы карьерде болды. 

Үш жасөспірім шомылып жүрген. Солардың бірі суға бата бастаған, кейін оның жүзе алмайтыны белгілі болды.

Қасындағы достары бірден ТЖ қызметіне хабар берген.

16 жастағы жасөспірімнің денесі тек келесі күні таңертең табылды. Ол жағадан 8 метр қашықтықта су астынан шығарылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар