Қарағанды облысында салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында қайғылы оқиға орын алды. Жұмысшы биіктіктен құлап, қаза тапты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, қайғылы оқиға 3 қазан күні монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алған.
«Бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.