Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесінен құлап, қаза тапты

12:34, 08 қазан 2026

Орал қаласында екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлап, оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға 7 қазан күні сағат 23:00-ден ауа Строитель шағынауданындағы үйлердің бірінде орын алған. Куәгерлердің сөзінше, көпқабатты баспананың маңынан екі адамның мәйіті табылған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері аймақты толықтай қоршауға алды.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті осы фактіге қатысты ресми мәлімдеме жасап:

«Көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен құлау салдарынан екі кәмелетке толмаған бала қаза тапты. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті мен Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы басшылығының бақылауында. Өзге ақпарат жария етілмейді», — деп хабарлады.

Алдын ала таралған бейресми мәліметтерге сәйкес, көз жұмғандардың бірі 14 жастағы мектеп оқушысы, ал екіншісі 16 жастағы колледж студенті болуы мүмкін. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау бағытында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар