Оңтүстік Кореяда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, 62 адам ажал құшты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы 24 kz-ke сілтеме жасап.
Жергілікті "Чеджу Эйр" ((Jeju Air)) компаниясына тиесілі "Boeing-737" Оңтүстік Кореяға Бангкоктан келе жатқан.
"Ионхап" агенттігі әуе кемесінде 175 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғанын айтады.
Полиция мен өрт қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшақ Муан қаласындағы әуежайдың ұшу жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Жолаушылар 173-і Оңтүстік Корея, екеуі Таиланд азаматтары екен. Қайғылы оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат себебі анықталу үстінде.