Қырғызстанда мектеп оқушылары арасындағы төбелес бір жасөспірімнің өлімімен аяқталды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Kaktus.media хабарлауынша, облыстық ішкі істер басқармасы таратқан мәлімет бойынша қайғылы оқиға Кант қаласындағы №3 мектептің жанында болған. 25 қаңтарда Ыстық-Ата ауданының полициясына 1997 жылы туған жігіттен арыз түскен.
«Арыз берушінің айтуынша, 10-сынып оқушысы мен оның 9-сыныпта оқитын інісі арасында ауызша жанжал шыққан. Бұл жанжал төбелеске ұласқан, оның барысында 10-сынып оқушысы інісін жарақаттаған», — делінген материалда.
Жарақат алған жасөспірімді жергілікті аурухананың реанимация бөліміне жеткізген. Кейін ол Бішкектегі жеке клиникаға ауыстырылған. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ол 25 қаңтарда есін жимастан қайтыс болды.
Оқиғаға байланысты Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы («Денсаулыққа ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері мен оқушыларынан жауап алып жатыр.