Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Ғұмыры енді басталған 9 жастағы қыз өз-өзіне қол жұмсады

15:39, 29 тамыз 2024 221

Көкшетауда тоғыз жасар қыз бала өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

— Полиция департаменті осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды, — делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде кәмелетке толмаған қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Қыздың асылған денесін бөлмеден әкесі тауып, кейін қызын ауруханаға жеткізгені хабарланған. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар