Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: Астанада үйінен шығып, қайтып оралмаған әйел өлі табылды

16:38, 05 қаңтар 2025 7871

Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылында тұрған 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.

«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.

Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар