Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы жағдай: 10 күн бұрын жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды

15:00, 11 мамыр 2025 2012

Ақмола облысында 10 күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен алты жасар баланың мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың денесі 10 мамырда Қорғалжын ауданындағы Нұра өзенінен табылған.

Кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы хабарлама полиция бөліміне 30 сәуірде түскен.

"10 күннен астам уақыт бойы жоғалған баланы полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері, еріктілер мен оқиғаға бей-жай қарамаған азаматтар іздестірумен болды. Арыз келіп түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қорытынды процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар