Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайғылы хабар: Назарбаев университетінің жатақханаcынан студент қыздың мәйіті табылды

13:23, 19 тамыз 2025 548

Назарбаев университетінің аумағынан 22 жастағы қыздың мәйіті табылды. Ол 12-қабаттан секіріп кеткен. Бұл туралы Orda.kz. хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Беделді оқу орны аумағында адам өлімі туралы қауесет 17 тамыз күні тарады. Бірақ қайғылы оқиға 15 тамызда болған. Полиция жас қыздың денесін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән - жайларын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деп атап өтті полиция.

Айта кетейік, екі ай бұрын осы оқу орнында тағы бір студент қыздың мәйіті табылған еді. Ол кезде қыздың өліміне оқудағы қиындықтар себеп болғаны айтылған еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар