Астанада із-түссіз жоғалып кеткен 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның толық мән-жайы әзірге жарияланған жоқ.
Еріктілердің хабарлауынша, Темірхан Темірлан 11 қараша күні шамамен сағат 15:00-де Жұмабаев көшесі, 4-үйдегі жатақханадан шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.