Астанада былтыр із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы Lider ұйымының еріктілері хабарлады.
46 жастағы Ержан Махамбетов 2025 жылдың 14 желтоқсаны күні таңғы сағат 10:00-де Бұқар-Жырау көшесінің бойында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Мәйіттің қай жерде және қашан табылғаны жөніндегі ақпарат әзірге нақтыланбады.