Атбасар қаласында өтіп жатқан аймақтық жарыс кезінде астаналық 58 жастағы футболшы кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды Alash.kz.
Қайғылы оқиға командалар арасындағы ойын барысында орын алған. Спортшының денсаулығы кенеттен нашарлап, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Полиция департаментінің мәліметінше, адам өлімі дерегі ресми түрде тіркелді. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға жүрек кінәраттары себеп болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта тиісті тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.