Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қабыну және тромбқа қатысты". Дональд Трамптың дәрігері шұғыл түрде мәлімдеме жасады

"Қабыну және тромбқа қатысты". Дональд Трамптың дәрігері шұғыл түрде мәлімдеме жасады

Ақ үй Дональд Трамптың МРТ қорытындыларын жариялады

Ақ үй қазан айында президент Дональд Трампқа жасалған магниттік-резонанстық томография (МРТ) қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақ үй дәрігері Шон Барбабелла жазбасында МРТ Трамптың жүрек-қан тамырлары жүйесі мен іш қуысының жағдайын бағалау мақсатында жүргізілгенін атап өтті. Барбабелла қорытындыны «толығымен қалыпты» деп бағалады.

Тексеру нәтижелері бойынша:

 - Артерияларда тарылу белгілері немесе жүрек пен негізгі тамырлардың жұмысына қатысты ауытқулар анықталған жоқ, жүрек камералары қалыпты мөлшерде, тамыр қабырғалары тегіс және сау. Cондай-ақ қабыну немесе тромб көрінбейді, - деп айтылды.

Бұл тексеру Трамптың жасындағы барша басшыларға арналған стандартты медициналық іс-шара саналады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар