Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Пышақпен ауыр жаралаған»: Кипрде 22 жастағы қазақ қызы өмір үшін күресіп жатыр

11:50, 04 тамыз 2026

Солтүстік Кипрдегі Никосия қаласында орналасқан Metropol Market супермаркетінде 22 жастағы Қазақстан азаматшасы Жанерке Әбдіразақова пышақпен жасалған қастандықтан кейін өмір мен өлім арасында жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін сағат 11:45 шамасында орын алған. Белгісіз ер адам әлі анықталмаған себептермен бойжеткенге тап беріп, оны өлтіру мақсатында пышақпен ауыр соққылар бағыттаған, ал кейін дәл осы қарумен өзіне де жарақат келтірген.

Қазіргі таңда зардап шегуші де, шабуылдаушы да доктор Бурхан Налбантоғлу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді. Соңғы ақпарат бойынша, қазақстандық бойжеткеннің денсаулық жағдайы өте ауыр деп бағалануда, ол жансақтау бөлімінде өз өмірі үшін күресіп жатыр, ал шабуыл жасаған азамат та медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауына алынған.

Бұл оқиға жергілікті тұрғындар арасында үлкен дүмпу тудырды. Шаһар халқы билік өкілдерінен осындай сұмдық жағдайлардың қайталанбауы үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етуде. Ал полиция өкілдері шабуылдың нақты неден туындағаны әлі белгісіз екенін алға тартады. Мәселенің анық-қанығын білу үшін редакциямыз Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ресми сұрау жолдады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар